«Манчестер Сити» Англия кубогының финалына жолдама алды. Команда Лондонда өткен жартылай финалда «Саутгемптонды» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Кездесу Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтті, бас төреші қызметін Оңтүстік Йоркширден келген Крэйг Поусон атқарды. Ойын негізгі уақытта аяқталды. Алдымен «Саутгемптон» алға шықты: 79-минутта Финн Азаз есепті ашып, «қасиеттілерді» алға шығарды.
«Манчестер Сити» жауапты голдарын матч соңында соқты. 83-минутта Жереми Доку таразы басын теңестірді, ал 87-минутта Нико Гонсалес «қалалықтардың» екінші голын соғып, командасына жеңіс әкелді.
Осы нәтижеден кейін «Манчестер Сити» турнирдің шешуші ойынына жолдама иеленді. Финалда команда екінші жартылай финалда кездесетін «Челси» мен «Лидс Юнайтед» арасындағы жұптың жеңімпазымен ойнайды.
Англия кубогы елдегі ең беделді клубтық турнирлердің бірі болып саналады. Бұл трофейді ең көп иеленген клуб – Лондонның «Арсеналы», оның қоржынында 14 кубок бар. «Манчестер Юнайтед» турнирде 13 рет топ жарған, ал «Ливерпуль», «Тоттенхэм Хотспур» және «Челси» сегіз мәртеден кубок иегері атанған.
