Мәскеулік «Динамо» клубының бұрынғы шабуылшысы Игорь Колыванов 1991 жылы Манчестердегі «Олд Траффорд» стадионында өткен КСРО мен Аргентина құрамаларының (1:1) жолдастық кездесуінен кейін «Манчестер Юнайтедке» ауысу туралы ұсыныстан неге бас тартқанын баяндады, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, дереккөзі — «Чемпионат».
Футболшының айтуынша, матч аяқталған соң оны шағын жаттықтырушылар бөлмесіне шақырып, ағылшын клубының бас бапкері Алекс Фергюсон аудармашы арқылы онымен әңгімелескен.
«Фергюсон после игры, там небольшая каморочка у них была тренерская, через переводчика меня позвали, он сказал, что хотел бы видеть меня в «Манчестер Юнайтед». На тот момент выбрал Италию, потому что, наверное, английский чемпионат не мой. Там более силовой, грубый [футбол]. В Италии, хотя сложно было, но что-то получилось», — сказал Колыванов в эфире «Матч ТВ».
«Динамодан» 1991 жылы кеткеннен кейін Колыванов карьерасын Италияда жалғастырып, «Фоджа» және «Болонья» клубтарында ойнады. Серия A чемпионатында ол 164 матчқа қатысып, 44 гол соқты және 15 нәтижелі пас берді.
