Алматының «Қайрат» клубының финляндиялық шабуылшысы Ойва Юккола жаңа командасында өзін жайлы сезіне бастағанын айтып, клубтың ойын стилі оның мықты қырларын толық ашуға мүмкіндік беретінін жеткізді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, дереккөз: Meta-ratings.kz.
Форвардтың айтуынша, «Қайраттың» тактикалық үлгісі оған кеңістікті белсенді пайдалануға және жылдамдығын доппен де, онсыз да тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
«Думаю, футбол «Кайрата» мне очень подходит: я могу открываться в большие зоны и использовать свою скорость в обе стороны. Конечно, хочу забивать больше и отдавать голевые передачи, но главное – это польза для команды», – поделился игрок.
Юккола өз бейімделуінде команда ішіндегі атмосфераның маңызы зор болғанын атап өтті. Оның сөзінше, әріптестері Қазақстанға үйренісіп кетуіне және алаңнан тыс жерде өзін сенімді сезінуіне көмектескен.
«Первое впечатление здесь действительно отличное – меня очень хорошо приняли. Когда чувствуешь себя комфортно вне поля, играть становится гораздо проще», – добавил финский нападающий.
Футболшы барлық командаластарымен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты. Сонымен қатар ол тұрмыстық мәселелерде және тілді меңгеруде көмек көрсеткен қорғаушы Александр Широбоковты жеке атап өтті.
«У меня хорошие отношения со всеми в команде. Если нужно кого-то выделить, то, возможно, Александра Широбокова – он помог мне с языком и другими вещами», – сказал Юккола.
Шабуылшы 2026 жылдың 11 ақпанында бірнеше жыл бойы өнер көрсеткен финляндиялық «Ильвес» клубынан «Қайратқа» ауысты. Қазіргі Қазақстан Премьер-лигасының маусымында 23 жастағы легионер алматылық команда сапында жеті матч өткізіп, бір гол соғып және екі нәтижелі пас беріп үлгерді.
