«Актобе» клубының бас бапкері Штефан Таркович Қырғызстан чемпионатында Қазақстан премьер-лигасы клубтарын күшейте алатын футболшылар бар екенін айтты, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, дереккөз: ASnews.kz.
Словакиялық маман ұлттық құрамада жұмыс істеген кезеңінде қырғызстандық ойыншылармен жақын таныс болғанын еске салды.
«Безусловно. В мое время в сборной Одилжон Абдурахманов уже играл в Казахстане, и я знаю, что многие кыргызские игроки успешно выступали здесь ранее. Это абсолютно возможно, потому что в Кыргызстане есть футболисты хорошего уровня. Все зависит от их личных качеств и конкретных предложений, но такие игроки точно есть», – заявил словацкий специалист.
«Актобеге» келгенге дейін Таркович 2023–2024 жылдары Қырғызстан ұлттық құрамасын басқарды.
Соған қарамастан, биылғы маусымда КПЛ-де Қырғызстаннан бірде-бір футболшы тіркелмеген. Бұған дейін Қазақстан чемпионатында бұл елдің 35 ойыншысы өнер көрсеткен.
