Фото: Taylor Friehl на Unsplash
Хоккей/2026 ж. 23 сәуір

Кубок Стэнли матчіндегі даулы эпизод: «Питтсбург» капитаны төрешілер шешіміне наразы

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

«Питтсбург Пингвинз» клубының канадалық шабуылшысы Сидни Кросби 2025/2026 жылғы маусымдағы Стэнли кубогының 1/8 финалындағы «Филадельфия Флайерзге» қарсы үшінші ойында алған екі минуттық «қорқытып құлау» айыбына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.

Даулы сәт бірінші кезеңнің соңына таман тіркелді. «Филадельфия» шабуылшысы Гарнет Хэтэуэй вбрасывание нүктесінде Кросбиді клюшкасымен бет тұсынан қағып өтті, осыдан кейін «Питтсбург» капитаны төрешінің дәл алдында мұзға құлап түсті. Қазылар алқасы хоккейшінің әрекетін симуляция деп бағалап, оған кіші айып тағайындады.

Кросби бұл эпизодтағы төрешілер шешіміне, сондай-ақ оның командаласы Брайан Растқа берілген қосымша жазаға түсінбестікпен қарағанын жасырмады.

«Не знаю, как Расти получил дополнительный штраф. Не знаю, как удаление за симуляцию получил я… Нам приходится играть с тем, что есть», — приводит слова Кросби SportNet Pittsburgh в социальной сети X.
Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу