«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола «Арсенал» жанкүйерлерінің Микель Артетаға титулды «беру» туралы үндеулеріне қатаң түрде жауап берді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Испаниялық маман чемпиондық үшін күресті ешқандай қайырымдылық емес, әділ бәсеке деп санайтынын атап өтіп, барлық трофейлерін өз күшімен жеңіп алғанын еске салды.
«Дать ему выиграть? Это не благотворительность, это Премьер-лига. Мне никто ничего не дарил — я сам всё брал. Если Артета хочет титул, он знает, где меня найти. Но не просите меня отойти в сторону, будто я устал… Я не устал побеждать.
Говорят, что „Арсенал“ заслуживает чемпионства. Заслуживает — за что? За то, что красиво занял второе место? Трофеи не выигрывают из жалости. Вы не хотите, чтобы я снова победил? Тогда остановите меня. Всё просто», — деп Гвардиоланың сөздерін X әлеуметтік желісіндегі СentreGoalHQ порталы келтіреді.
«Манчестер Сити» мен «Арсенал» Англия чемпионы атағы үшін тартысты жалғастырып жатыр. 33 матчтан кейін Гвардиола командасы АПЛ турнир кестесінде 70 ұпаймен екінші орында тұр. Лондондық клуб 34 ойын өткізіп, 73 ұпай жинады.
