Ресейлік теннисші Диана Шнайдер Мадридте өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы грунт турнирін үшінші айналымда швейцариялық Белинда Бенчичке жол беріп, аяқтады, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
WTA рейтингінде Шнайдер 19-орында, ал Бенчич 12-сатыда тұр. Олардың өзара кездесуі 1 сағат 52 минутқа созылып, швейцариялық спортшының екі сетте жеңісімен аяқталды — 6:2, 7:6 (8:6).
Матч барысында Бенчич бес эйс жасап, қос қателікке жол берген жоқ және 15 мүмкіндіктің төртеуінде брейк-пойнтты жүзеге асырды. Шнайдер бір эйс орындап, бір қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың екеуін ғана пайдалана алды.
Мадридтегі турнирдің келесі кезеңінде Бенчич АҚШ өкілі Хейли Баптист пен италиялық Жасмин Паолини арасындағы кездесудің жеңімпазымен кортқа шығады.
