«Челси» клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Калум Макфарлейн өзінде Pro санатындағы жаттықтырушылық лицензияның жоқтығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ сайты «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, ресми мәртебе оның командамен жұмыс істеуіне және ойыншылардың қарым-қатынасына әсер етпейді.
«У меня нет лицензии Pro. Это не имело значения в прошлый раз [после отставки Марески], ребята меня уважают. Мы готовы атаковать в матче с «Лидсом» и показать как можно лучшую игру», — приводит слова Макфарлейна Daily Mail.
Макфарлейн Лиам Росеньор қызметінен босатылғаннан кейін лондондық клубтың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Ағылшын Премьер-лигасының регламентіне сәйкес, бас бапкердің міндетін атқарушы маман команда тізгінін 12 аптадан артық ұстай алмайды.
Бүгін, 26 сәуірде, «Челси» Англия кубогының жартылай финалында «Лидс» командасына қарсы ойын өткізеді.
Англия чемпионатының 34 турынан кейін «Челси» 48 ұпай жинап, турнирлік кестеде сегізінші орында тұр.
