Team Falcons ойыншысы Дамьян kyxsan Стоилковски киберспорт клубының Counter-Strike 2 бойынша негізгі құрамынан шеттетіліп, қосалқыға ауыстырылғанын хабарлады, деп жазады BOOKIE.KZ «Чемпионат» дерегіне сүйеніп.
Киберспортшы құрамдағы өзгерістерді X әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады. Ол бұл шешім Кёльнде өтетін мейджор турнирінің қарсаңында қабылданғанын және клуб басшылығы команданы жаңартуды жөн көргенін атап өтті.
«Сегодня меня перевели на скамейку запасных. Неудачное время для этой новости, ведь скоро состоится мэйджор в Кёльне, но руководство посчитало, что необходимы перемены, и я уважаю их решение. Мне грустно, что у нас не получилось в Falcons, у нас были хорошие шансы выиграть несколько трофеев в прошлом году, но не суждено было сбыться. Тем не менее это был хороший опыт для меня, и было приятно быть частью команды с таким большим потенциалом. Спасибо всем моим товарищам по команде и тренерскому штабу за время, проведённое вместе», — написал Стоилковски.
Басылым мәліметінше, жақын уақытта Team Falcons жаңа ойыншыны таныстыруы тиіс. Kyxsan орнына FaZe Clan ұйымынан кеткен Финн karrigan Андерсен келеді деп күтілуде.
