Лондондық «Арсенал» Англия Премьер-лигасының 34-турында өз алаңында өткен ойында «Ньюкасл Юнайтедті» 1:0 есебімен жеңіп, бұрыштамадан кейін соғылған голдар саны бойынша лига рекордын жаңартты, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Кездесудегі жалғыз голды тоғызыншы минутта Эберечи Эзе соқты. Бұл доп «канонирлердің» ағымдағы маусымдағы бұрыштан орындалған стандарттан кейінгі 17‑голы болды.
Opta Sports статистикалық порталының мәліметінше, дәл осы гол «Арсеналға» бір маусымда бұрыштамадан соғылған доптар саны бойынша Англия Премьер-лигасы тарихында жеке-дара көшбасшы болуға мүмкіндік берді. Бұған дейінгі рекорд 16 голдан тұрған. Мұндай нәтижеге 1992/1993 жылғы маусымда «Олдхэм», 2016/2017 жылғы маусымда «Вест Бромвич Альбион», сондай-ақ 2023/2024 жылғы маусымда «Арсенал» қол жеткізген.
«Ньюкаслға» қарсы жеңістен кейін лондондық клуб 73 ұпай жинап, Англия чемпионатының жоғарғы дивизионы турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Ньюкасл-апон-Тайн командасы 42 ұпаймен 14‑орында орналасқан.
