«ПСЖ» бас бапкері Луис Энрике Франция чемпионатының 31-турында өткен «Анже» командасымен сырт алаңдағы ойында шабуылшы Гонсалу Рамуштың алаңнан қуылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Париж клубы бұл кездесуде 3:0 есебімен ірі жеңіске жетті, алайда 74-минутта аз құрамда қалды. Рамуш екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
«Бұл — эпизодтық жағдай. Ережені бұзу ниеті болмағанына қарамастан, шабуылшыны алаңнан қуғанын алғаш рет көріп тұрмын», — деп келтірді Энрикенің сөзін француздық L'Équipe басылымы.
Осы матчтан кейін «ПСЖ» 30 ойыннан кейін 69 ұпай жинап, Лига 1 турнир кестесінде көш бастап тұр. «Анже» 31 кездесуде 34 ұпай еншілеп, 13-орында орналасқан.
Келесі турда Франция чемпионатында «ПСЖ» 2 мамыр күні өз алаңында «Лорьянды» қабылдайды, ал «Анже» 3 мамырда сырт алаңда «Осерге» қарсы ойнайды.
