Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эммануэль Пети қазір негізгі құрамдағы орнын ресейлік Матвей Сафоновқа берген «Пари Сен-Жермен» қақпашысы Люка Шевальеге көбірек ойын уақыты берілуі керек деп санайды, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
Петидің пікірінше, қақпашы үшін психологиялық тұрақтылық пен жоғары концентрация шешуші рөл атқарады. Ол Шевальені қайтадан негізгі құрамға қосып, оған өзіне деген сенімділікті қайтару үшін мүмкіндік беру қажет екенін айтты.
«Я думаю, что в какой-то момент нужно дать людям ещё один шанс. Для вратаря крайне важны психологическая свежесть и концентрация. Я бы поставил его в состав. Этому парню нужно дать ещё одну возможность», — приводит слова Пети Yahoo Sports.
Француз маманы «ПСЖ» мюнхендік «Баварияға» қарсы алдағы Чемпиондар лигасы матчтарында кез келген жағдайға дайын болуы тиіс екенін атап өтті. Ол қақпашылар жиі жарақат алатынын, ал Сафоновтың жүктемесі жоғары екенін еске салды.
«Представьте, если Матвей Сафонов получит травму в матче с „Баварией“, что тогда делать? Нужно быть готовыми к любому развитию событий. Вратари травмируются часто. Сафонов — один из тех игроков, кто получает серьёзную нагрузку», — отметил Пети.
Пети ресейлік қақпашының Лига 1 матчтарында жұмысы көп бола бермейтінін, соған қарамастан оның ұзақ сериямен алаңға шығып жүргенін айтты. Оның сөзінше, дәл осы кезде Шевалье ойын тәжірибесін жоғалтып алу қаупіне тап болып отыр, ал негізгі қақпашы маңызды кездесуде жарақат алса, ол алаңға дайындықсыз шығуы мүмкін.
Сонымен қатар Пети париждік клубтағы құрылымдық мәселеге назар аударды: команда Франция кубогынан ерте шығып қалды, соның салдарынан құрамды, соның ішінде қақпашы позициясын да, толыққанды ротциялауға мүмкіндік болмады.
Қазіргі маусымда Люка Шевалье барлық турнирлерде 26 матч өткізіп, 28 гол жіберді және 10 ойында қақпасын голдан сақтап қалды. Матвей Сафонов 22 кездесуге қатысып, 20 доп өткізіп алды және 11 матчты «құрғақ» аяқтады.
