«Пари Сен-Жермен» бас бапкері Луис Энрике Франция чемпионатының 31-турында «Анже» командасымен өткен ойында сырт алаңдағы 3:0 есебімен тіркелген жеңісті жоғары бағалады. Бұл кездесуде париждіктердің қақпасын ресейлік қақпашы Матвей Сафонов қорғады, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» дерегіне сілтеме жасап.
Испаниялық маман бұл нәтиже «ПСЖ»-ға Лига 1-дегі көшбасшылықты нығайтуға және чемпиондық үшін күресте ыңғайлы басымдық жасауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Осы турдан кейін команда ең жақын қарсыласынан алты ұпайға озып тұр, ал маусымның аяқталуына төрт тур қалды.
«Приятное чувство. Мы снова увеличили отрыв. Мы опережаем на шесть очков, а до конца сезона осталось четыре матча. Думаю, команда очень хорошо начала игру, действительно сплотилась. Мы выполнили свою задачу, и это очень позитивно для нас», — деді Энрике.
Бапкердің айтуынша, чемпионаттағы ірі жеңіс алдағы Чемпиондар лигасы жартылай финалына дайындықтың маңызды бөлігіне айналды. Ол мұндай матч әр футболшының және бүкіл ұжымның өз күшіне сенімін арттырып, жанкүйерлердің көңіл күйін көтеретінін атап өтті.
«Когда добиваешься такого результата, это лучший способ подготовиться к полуфиналу Лиги чемпионов. Это важно для уверенности каждого игрока, а также для команды и болельщиков. Мы готовы. Завтра у нас будет первая тренировка перед этим полуфиналом», — деп қосты жаттықтырушы.
Аталған ойында «ПСЖ» сапынан Ин 7-минутта, Маюлу 39-минутта, ал Бералдо 52-минутта гол соқты. Париждік клуб 74-минутта Рамуш алаңнан қуылғанына қарамастан, кездесуді ірі есеппен аяқтай алды.
Франция чемпионатында 30 матч өткізгеннен кейін «ПСЖ» 69 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында келеді. «Анже» 31 ойыннан кейін 34 ұпайға ие болып, 13-сатыда орналасқан.
