MMA / Бокс / Единоборства/2026 ж. 22 сәуір

Экс-чемпион UFC жаттықтас серігінің мансабын аяқтауына осылай үн қатты

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

UFC-дің бұрынғы чемпионы Камару Усман өзімен бір залда жаттыққан әрі октагонда жолыққан Гилберт Бёрнстің кәсіби мансабын аяқтау шешіміне әсерлі түрде үн қатты, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.

Нигериялық файтер әлеуметтік желілерде бразилиялық спортшыға арнаған жазбасында оның спортқа қосқан үлесін және бірге өткізген жаттығулардың маңызын атап өтті.

«Какая карьера, мой брат. Железо точит железо», — деп жазды Усман әлеуметтік желілерде.

Гилберт Бёрнске 39 жас. Ол кәсіби ММА-де 2012 жылы дебют жасап, 2014 жылдан бері UFC турнирлеріне қатысып келді. Бразилиялық спортшы жартылай орта салмақтағы (70 кг-ға дейін) чемпиондық белбеуге үміткер деңгейіне дейін көтеріліп, әлемнің жетекші промоушенінде барлығы 25 жекпе-жек өткізіп, 15 рет жеңіске жетті және 10 мәрте жеңіліске ұшырады.

Бёрнс соңғы жекпе-жегін сәуір айында UFC Fight Night 273 турнирінде өткізді. Бұл кездесуде ол канадалық Майк Мэлоттан техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу