UFC-де өнер көрсететін ресейлік файтер Арман Царукян орта салмақтағы чемпион Хамзат Чимаевтың Real American Freestyle (RAF) күрес лигасындағы алғашқы жекпе-жегіне кім лайықты қарсылас бола алатыны туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, дереккөз: «Чемпионат».
Царукянның айтуынша, RAF ережелері бойынша дебют үшін жоғары деңгейлі балуан ретінде танылған америкалық Бо Никалмен кездесу қызықты нұсқа болар еді.
«Я бы хотел увидеть схватку Хамзата с Бо Никалом, потому что Никал — настоящий борец. Также я хотел бы увидеть схватки с Колби Ковингтоном и Крисом Вайдманом.
Кайл Снайдер? Да, это хорошо, но Хамзату нужно провести одну-две схватки против парней из ММА, а уже потом бороться с олимпийскими борцами», — сказал Царукян в подкасте Ариэля Хельвани.
Царукян пікір білдірген подкастты америкалық танымал журналист Ариэль Хельвани жүргізеді.
