UFC-дегі жеңіл салмақта бұрынғы титул үміткері Арман Царукян Real American Freestyle (RAF) лигасымен жаңа келісімшарт талқылау кезінде ұйым табысынан пайыздық үлес алуды талап етіп отырғанын айтты, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Жекпе-жекші өз сөзінде промоушен басшылығымен келіссөздер барысында үлеске қатысу мәселесі қазірдің өзінде көтерілгенін, тараптардың бұл бастамаға жалпы оң көзқарас танытқанын жеткізді.
«Конечно, процент от организации хочу получить. Следующий контракт – мне нужен процент от компании. Мы это уже обсуждали. Они отнеслись к этому нормально, но пока не знаю, какой будет процент. Хотя бы три хотелось», — сказал Царукян в интервью Адаму Зубайраеву.
Ресейлік-армяндық спортшының кәсіби ММА рекордында 23 жеңіс бар, оның 15-і мерзімінен бұрын аяқталған, сондай-ақ үш жеңіліс тіркелген. Ол аралас жекпе-жекте 2015 жылдың қыркүйегінен бері өнер көрсетіп келеді, ал UFC-пен келісімшартты 2019 жылдың сәуірінде жасаған.
Царукян еркін күрес пен аралас жекпе-жек бойынша спорт шебері атағына ие.
