Жеңіл салмақтағы UFC-дің қазіргі чемпионы Илия Топурия Арман Царукянның әрекетін қатаң сынға алып, оның интернеттегі бейнесі шынайы мінез-құлқына сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Испан-грузин спортшысы желіде Топурияның Царукянға шапалақ берген сәті түсірілген видео жарияланардан бір күн бұрын қарсыласы әлеуметтік желілерде өзіне бағытталған қоқан-лоққы жазбасын қалдырғанын айтты. Оның сөзінше, мұндай мінез-құлық Арманға ғана емес, өздерін интернетте «қатал жігіт» етіп көрсететін көптеген спортшыларға тән, ал жеке кездесуде олар мүлде басқаша көрінеді.
«За день до того, как появилось видео, где я дал леща Арману, он написал у себя в соцсетях что-то вроде: “В следующий раз, когда тебя увижу, сделаю с тобой вот это, а потом то”. Или что-то в этом роде. Все они изображают из себя крутых парней в социальных сетях. Все строят из себя важных персон, но когда мы встречаемся, они такие: “Привет, как дела, всё хорошо?” И улыбаются. Они ведут себя скромно, как нормальные люди», — сказал Топурия на передаче The Ariel Helwani Show.
Чемпион мұндай алшақтықты қоғамдық бейне мен нақты мінез-құлық арасындағы екіжүзділік деп санайтынын атап өтті. Оның айтуынша, интернетте көпшілігі октагоннан тыс есеп айырысуға шақырады, алайда өзі өзін тек кәсіби спортшы ретінде көреді.
«Но в социальных сетях все как один — гангстеры. Всё в таком духе: “Давай разберёмся на улице”. Чувак, я профессиональный спортсмен, а не уличный боец или гангстер. На мой взгляд, Арман — полный идиот», — добавил Топурия.
Илия Топурия кәсіби ММА-де 2015 жылдың сәуірінен бері өнер көрсетіп келеді. UFC-дегі дебюті 2020 жылдың қазан айында өтті. Оның қоржынында 17 жеңіс бар, олардың тек екеуінде ғана жекпе-жек тағдырын төрешілер шешкен, әзірге бірде-бір жеңілісі жоқ.
