Хоккей инсайдері Эллиотт Фридман ресейлік қақпашы Сергей Бобровский НХЛ-дың «Флорида Пантерз» клубында мансабын жалғастырғысы келетінін хабарлады, деп жазады BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Фридманның айтуынша, өткен маусымаралық кезеңде «Флорида» жетекші ойыншыларын сақтап қала ала ма деген күмән болған. Ол кезде сөз Брэд Маршан, Аарон Экблад және Сэм Беннет туралы еді, алайда клуб кадрлық мәселелерді шешудің жолын тапқан.
«Помню, в прошлом году мы не думали, что они смогут удержать Маршана, Экблада и Беннета… Если „Флорида“ захочет что-то сделать, они найдут способ это сделать. Он хочет остаться», — привёл слова Фридмана портал NHL Rumor Report в социальной сети X.
Бобровскийдің «Флоридамен» жалпы құны $ 70 млн болатын жетіжылдық келісімшарты осы маусымның соңында аяқталады. Қақпашы Санрайз клубының намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді және осы уақыт ішінде командамен бірге 2024 және 2025 жылдары екі мәрте Стэнли кубогын жеңіп алды.
«Флорида Пантерзге» ауысқанға дейін Бобровский НХЛ-да «Коламбус Блю Джекетс» пен «Филадельфия Флайерз» клубтарында ойнады, сондай-ақ Ресейде СКА және Новокузнецкінің «Металлург» командасында өнер көрсетті.
