Үлкен дулыға турнирлерінің 22 дүркін чемпионы Рафаэль Надаль отандасы Карлос Алькарасқа қолдау көрсетті. Бұған дейін Алькарас «Ролан Гаррос» — 2026 турнирінен, сондай-ақ алдағы Римдегі «Мастерс» жарысынан бас тартқанын хабарлаған еді, деп жазады BOOKIE.KZ, дереккөзі — «Чемпионат».
Испандық тәжірибелі теннисші әлеуметтік желілер арқылы қазіргі «Ролан Гаррос» чемпионына үн қатып, оның бүгінгі қиындықтары бұрынғы жетістіктерінің ауқымын айқындай түсетінін атап өтті.
«Удачи, Карлос! Я надеюсь, что ты восстановишься как можно быстрее. Такие трудные моменты лишь подчеркивают всё, чего ты уже добился. Побольше сил и крепко обнимаю!» — написал Надаль.
«Ролан Гаррос» турнирі Парижде 24 мамыр мен 7 маусым аралығында өтеді. Алькарас жарысқа қазіргі чемпион мәртебесінде келуі тиіс еді, алайда білек жарақатына байланысты бұған дейін Барселонадағы ATP-500 турнирін және Мадридтегі «Мастерсті» де өткізіп жіберген.
