«Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Хави 2010 жылғы «Алтын доп» марапатын Лионель Месси толықтай әділ иеленді деп санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, сілтеме – «Чемпионат».
Испандық футболшы өзіне мен аргентиналық шабуылшыға қатысты салыстыруды орынсыз деп есептейтінін және дауыс беру қорытындысын әділетсіздік ретінде қабылдамайтынын атап өтті.
«Месси намного лучше меня как футболист, тут нет никаких сомнений, сравнение абсурдно. Когда он выиграл «Золотой мяч» 2010 года, я почувствовал, что справедливость восторжествовала. Я не чувствую, что меня лишили «Золотого мяча», — сказал Хави в интервью на YouTube-канале Ромарио.
2010 жылы Хави ойнаған Испания құрамасы әлем чемпионы атанды. «Алтын допқа» дауыс беру нәтижесі бойынша жартылай қорғаушы үшінші орынға тұрақтады. Екінші орынға «Барселона» мен ұлттық құрамадағы бұрынғы серіктесі Андрес Иньеста ие болды, ал жылдың үздік ойыншысы атағын Месси жеңіп алды.
