Фото: Redd Francisco на Unsplash
MMA / Бокс / Единоборства/2026 ж. 22 сәуір

«Сені жай ғана сұлатып тастады»: бұрынғы UFC чемпионы әріптесіне қатаң жауап берді

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Магомед Анкалаев 93 кг-ға дейінгі дивизионның экс-белбеу иегері Иржи Прохазкаға Карлос Ульбергтен алған жеңілісін талқылағаннан кейін қатаң үн қатты, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, дереккөз: «Чемпионат».

Чех спортшысы бұған дейін Майамиде өткен UFC 327 турнирінде Жаңа Зеландия өкілі Карлос Ульбергпен жекпе-жекте, өз ойынша, қандай қателіктер жібергенін егжей-тегжейлі түсіндірген еді. Осыдан кейін ресейлік файтер Х әлеуметтік желісінде жауап жазды.

«Иржи, тебя просто вырубили, не оправдывайся. Фейковые новости», — деп жазды Анкалаев өз парақшасында.

Магомед Анкалаевқа 33 жаста. Ол аралас жекпе-жекте кәсіби деңгейде 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, ал 2018 жылдан бастап UFC ұйымында бақ сынауда.

Соңғы жекпе-жегін Анкалаев 2025 жылдың 5 қазанында UFC 320 турнирінде өткізді. Ол реваншта бразилиялық Алекс Перейрамен октагон бөлісті. Кездесу бірінші раундта Поатанның техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.

Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу