Фото: Mitch Rosen на Unsplash
Футбол/2026 ж. 26 сәуір

«Тоболда» жаңа бас бапкердің жұмыс стилі қандай болатыны айтылды

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

Бұған дейін Грозныйдың «Ахмат» клубында Мирослав Ромащенконың қол астында ойнаған босниялық қорғаушы Ясмин Челикович ресейлік маманның қостанайлық «Тоболдағы» жұмысына қатысты өз болжамын бөлісті, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, дереккөз: ASnews.kz.

Футболшы жаңа бас бапкердің талаптарын жақсы білетінін айтып, оның тәртіп пен ойынға деген көзқарасқа ерекше мән беретінін атап өтті.

«Ромащенко – отличный тренер и еще лучший человек. Для него критически важны дисциплина и концентрация. Уверен, что он будет требовать от каждого игрока и от всех членов клубного персонала максимальной сосредоточенности. Этот человек хочет, чтобы весь клуб дышал как единое целое. Он нацелен исключительно на успех и умеет извлекать из каждого лучшие качества. Пользуясь случаем, поздравляю его с назначением и желаю всего наилучшего», – заявил Челикович.

Ромащенконың жетекшілігімен босниялық легионер «Ахмат» сапында 22 матчқа қатысты. Енді маман «Тоболдың» тізгінін ұстап, бас бапкер қызметінде Нұрбол Жұмасқалиевтің орнын басты.

Ромащенконың қостанай клубының бас бапкері ретіндегі ресми дебюті премьер-лиганың жетінші турындағы ақтаулық «Каспийге» қарсы ойында өтті. Бұл кездесуде «Тобол» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу

Басқа жаңалықтар

Болжамдар