«Бавария» клубының француз шабуылшысы Майкл Олисе ұлттық чемпионаттағы нәтижелі пас саны бойынша Лионель Месси жетістігіне барынша жақындады, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
2019/2020 жылғы маусымда Месси «Барселона» сапында Испания Ла Лигасында 33 ойында 21 нәтижелі пас берген. Қазіргі маусымда Олисенің еншісінде Мюнхен клубы үшін Бундеслигада 27 матчта 18 голдық пас бар.
Осылайша, аргентиналық футболшы көрсеткішін қайталау үшін француз форвардына тағы үш нәтижелі пас жасау қажет. Бұған оның Германия чемпионаты маусымының аяқталуына дейінгі төрт туры бар.
Бундеслиганың 31-турында «Бавария» сырт алаңда «Майнц» клубымен кездеседі. Қалған үш матчта мюнхендік команда өз алаңында «Хайденхайм» мен «Кёльнді» қабылдап, қонақта «Вольфсбургке» қарсы ойнайды.
