«Пари Сен-Жермен» клубының бас бапкері Луис Энрике осы маусымда қақпадағы орнын ресейлік голкипер Матвей Сафоновқа берген Люк Шевальенің негізгі құрамға қайта оралуына қатысты сұрақтарға эмоциялық түрде жауап берді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» дерегіне сілтеме жасап.
Испаниялық маман маусымның алғашқы бөлігінде француз қақпашысы қатты сынға ұшырағанын, ал өзі оны көпшілік алдында қорғағанын еске салды.
«Вы критиковали его на протяжении всей первой половины сезона. Делали это постоянно, в то время как я его защищал, и вы всё ещё задаёте мне этот вопрос. Это невероятно. Вот вам и футбол высшего уровня. Это не имеет отношения к вопросу, но говорит само за себя», — приводит слова Энрике L'Équipe.
Ағымдағы маусымда Шевалье париждік клуб сапында барлық турнирлерде 26 матчқа қатысып, олардың 10-ында қақпасын голдан аман сақтап қалды. Қақпашының «ПСЖ»-мен келісімшарты 2030 жылдың жазыңа дейін күшінде.
Transfermarkt порталының мәліметінше, 24 жастағы қақпашының нарықтық құны € 30 млн көлемінде бағаланады.
