«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола АПЛ-дың 34-турында «Бёрнлиге» қарсы сырт алаңдағы ойында қол жеткізген жеңістен (1:0) кейін «Челсиден» Лиам Росеньордың қызметтен кетірілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Испаниялық маман әріптесінің отставкасы туралы жаңалықты өкінішпен қабылдағанын айтып, оның бапкерлік деңгейін жоғары бағалайтынын атап өтті.
«Мне жаль слышать это. Я уверен, что он — тренер высокого уровня», — приводит слова Гвардиолы City Xtra в соцсети X.
Гвардиола мұндай клубтық шешімдер оны әрдайым өз мансабы туралы ойлануға итермелейтінін жеткізді. Ол «Манчестер Сити» тізгінін он жыл бұрын ұстағанын және сол уақыттан бері клуб басшылығының қолдауын сезініп келе жатқанын еске салды.
«Каждый раз, когда такое происходит, я вновь и вновь думаю о том, как мне повезло работать в этом клубе. 10 лет назад я сделал правильный выбор, придя в организацию с сильным руководством, хорошими генеральными директорами и спортивными директорами. Стабильность и доверие людей, с которыми я сотрудничаю, впечатляют. Мне очень повезло», — заявил Гвардиола.
22 сәуірде «Челси» Лиам Росеньорды бас бапкер қызметінен босатқанын ресми түрде жариялады. Англиялық маман қаңтар айында «Страсбургтен» лондондық клубқа келген, ал оның келісімшарты 2032 жылға дейін есептелген болатын.
