Кастилия соты «Ливерпуль» футболшысы Диогу Жота мен оның бауыры Андре Силва қаза тапқан жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» дерегіне сүйеніп.
Қайғылы апат өткен жылдың шілде айында болған. Судьялар іс материалдарын, соның ішінде жол-көлік оқиғасының сызбасын, оқиға орнында жиналған айғақтарды және жол апаттары жөніндегі сарапшылардың қорытындыларын мұқият қарады.
The Athletic басылымының мәліметінше, Пуэбла-де-Санабриядағы бірінші инстанция соты-ақ қараша айында қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ деген тұжырымға келіп, істі жабу туралы шешім қабылдаған.
«Пуэбла-де-Санабриядағы бірінші инстанция соты іс материалдарындағы құжаттық айғақтарды, атап айтқанда жол полициясы ұсынған сараптамалық қорытындыларды бағалағаннан кейін істі қараша айында-ақ жапты.
Қылмыстық іс жүргізудің тоқтатылуы зардап шеккен тараптарға азаматтық талап қоюға және өздері орынды деп санайтын кез келген өтемақыны талап етуге кедергі келтірмейді», — деп жазады The Athletic соттағы дереккөздерге сілтеме жасап.
Осылайша, бауырлардың қазасына қатысты қылмыстық жауапкершілік алынып тасталды, бірақ мүдделі тараптар азаматтық-құқықтық тәртіпте өтемақы өндіру құқығын сақтап отыр.
