Мюнхендік «Бавария» клубының шабуылшысы Серж Гнабри жамбас жарақатына байланысты Германия құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмайтынын хабарлады, деп жеткізеді BOOKIE.KZ, дереккөз: «Чемпионат».
Бұған дейін БАҚ мәліметінше, футболшы алған жарақатының салдарынан үш-төрт айға дейін алаңға шыға алмайтыны айтылған.
«Соңғы бірнеше күн оңай болған жоқ. Әлем чемпионатына қатысу арманым, өкінішке қарай, күл-талқан болды. Бүкіл ел сияқты, мен де жігіттерді үйден қолдаймын», — деп жазды Гнабри әлеуметтік желідегі парақшасында.
2026 жылғы әлем чемпионаты алдағы жазда АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Германия құрамасы Е тобында Кюрасао, Кот-д’Ивуар және Эквадор ұлттық командаларымен кездеседі.
