Sky Sports журналисі Флориан Плеттенберг мадридтік «Реалдың» шеткі шабуылшысы Винисиус Жуниор клубпен жаңа ұзақмерзімді келісімшарт бойынша принципті уағдаластыққа қол жеткізгенін, тараптар қалған егжей-тегжейлерді келісіп жатқанын хабарлады, деп жазады BOOKIE.KZ «Чемпионат» дерегіне сілтеме жасап.
Плеттенбергтің мәліметінше, келісім ресімделгеннен кейін де Винисиус командадағы ең жоғары жалақы алатын ойыншы болмайды. Ең көп жалақы алатын футболшы мәртебесі «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппеде қалады.
Бұған дейін БАҚ-та Винисиустың қолданыстағы келісімшарты бойынша жылына € 25 млн, ал Мбаппенің жалақысы жылына € 32 млн екені хабарланған. Бразилиялық шабуылшының қазіргі еңбек келісімі 2027 жылдың жазы аяқталғанға дейін күшінде.
